На главную Дать объявления

Кызылординская Интернет газета Сорока

Центр урологии
Лечебно диагностический комплекс
Центры медицины в Кызылорде
Восточная медицина в Кызылорде
Казахтелеком
Ледовый дворец Кызылорды
Даму фонд развития
Медколледж
Радуга колбасный двор
"Шанырак" отель в Кызылорде
Абзал и К
Клиника "Сеным"
КолМастер
Бани и банные комплесы
Стоматологическая поликлиника
Поликлинника 1
Клиника доктора Матаева
Городская поликлиника №3
Круглосуточные Аптеки в Кызылорде
Досжановы в Кызылорде
Слуховые аппараты в Кызылорде
Лечение зубов КАНАТ-ОРДА-Тіс емханасы
Родильный дом
Всё для кондитерки и выпечки
Кызылординский областной “Наркологический центр"
Колледж им. Абдукаримова
Фарматека
Областной молодёжный центр здоровья Кызылорды
Пошив постельного белья
Оптика ТВ
"Жаншуак" ремонт оргтехники
Маербек Пашаев
Рекламное агентство "Радуга"
Сеть столовых "Тагам"
Кровопускание
Левый баннер пустой
Левый баннер
ТОО АМК-метиз
Ансар Сервис
Купить металл в Кызылорде
Геотекстиль
Стекло на любой вкус
Сетка рабица
ТОО «SCS Инжиниринг»
Кирпичный завод ЕНКИ
Бетонные заводы Кызылорды
ТОО "Мир 2001"
Магазин 1000 мелочей
Магазин Термотехника
Сыр Арал сараптама
Ремонт кассовых аппаратов
Всё из метала "Сымбат-7"
ГПС и щебень в Кызылорде
Кызылорда тазылыгы
База Тепломонтаж
Продаём кирпичи
Химчистки ковров и паласов в Кызылорде
Профнастил с полимерным покрытием
Привезти мебель из Турции
Газоблоки
ТОО "КВАНТ" в Кызылорде
КЫЗЫЛОРДА ТОО «РЕАЛ ОПТ»
ТОО Сервисный Центр «ТехАс»
Чистка ковров "Каспий"
Миленниум
Строительный магазин "СтройМаркет"
Установка кондиционеров Chigo
Холодильные камеры
Каис Сервис
Строительный магазин "Арсенал"
Кызылординская брусчатка

Колледж "Жас оркен"

Колледж "Жас оркен"

«Жас өркен» колледжі 2016-2017 оқу жылында «Кәсіптік білім және әріптестер сұхбаты» VII облыстық форумы аясында өткізілген «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны - 2016» байқауына, 3 көрмеге қатысты.



Қызылорда облыстық оқу орталығының «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналына (№3 (17)2016 жыл) VIІ облыстық форумының материалдары жинағына Тоқтамысова Д.К.,Таңқыбаева Б.Р. “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану арқылы оқушы білімін арттыру жолдары; Касаева З., Жалғасова О “Әдістемелік қызмет арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін арттыруды ұйымдастыру”; Омарова С.О. “Жаңа технологияны қолданудың маңызы”; Таңқыбаева Б.Р., Асқарова Г.С. “Сын тұрғысынан ойлау технологиясының білім беру үдерісінде алатын орны”; Шакиева Ж.А., Жақсығұлова Н.Б. “Мәңгілік ел” идеясы – жастардың жарқын болашағы тақырыбындағы баяндамалары енді.

Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"







19.10.2016 жылы «Дуалды оқыту: енгізу тәжірибесі – болашақ нәтижесі» тақырыбындағы облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Ол туралы колледж әдіскері Жалғасованың «Кәсіптік білім көкжиегі» республикалық ақпараттық-танымдық, оқу-әдістемелік басылымының 10 қарашадағы №8 санына осы тақырыптағы мақаласы жарияланды.


Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"







Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"







Сонымен қатар «Кәсіптік білім көкжиегі» республикалық ақпараттық-танымдық, оқу-әдістемелік басылымының 25 қыркүйектегі №6 санына Омарова Сауле Орынбасарқызының «Тәрбие кілті - отбасы», «Ел тілегі» ақпараттық-танымдық басылымының 7 қыркүйектегі №20 басылымына «Мен өз Отанымның патриотымын» атты мақаласы жарияланды. Колледж оқытушылары Қаржауов Алтынбек пен Оңайбеков Бауыржанның «Сыр дидары» қоғамдық-саяси, ақпараттық, танымдық апталық басылымының 18 қарашадағы №43 санына «Қолда бардың қадірі болмай тұр немесе терме жастар тәрбиесінің өзегі» мақаласы жарияланды.

Айтбай Шаттық Уәлиханқызының “Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу”атты мақаласы, Шакиева Жанат Әмірбекқызының «Танымдық семинар тренинг» аты мақаласы «Кәсіптік білім көкжиегі» оқу-әдістемелік газеті №1 санына (13)1 қаңтар 2017 жыл жарияланды.
“Ұлы Қазақ Елі” республикалық іскерлік журналына колледж директоры М.М.Исаевтың «Білім саласын заманауи талаптарға сай түрде жаңартып отыру керек» деген тақырыпта сұхбаты жарияланды.

«Ғылым және білімдегі инновациялар» халықаралық журналы «Психология-педагогикалық ғылымдар» сериясы №1 санында (1) 2016 жыл Д.К.Тоқтымысованың «Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі», Р.С.Қабылбаеваның «Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны» атты мақаласы жарық көрді. Осы журналдың №2 санында О.А.Жалғасованың «Экономикалық пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану», А.Б.Балабекованың «Сызу пәнін оқытудағы дидактикалық принциптер мен оқыту әдістері» атты мақаласы жарық көрді.


2016 жылғы қазан айының 24-і мен 28-і аралығында «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Біліктілікті арттыру – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инженерлі-техникалық кадрларының кәсіби даму құралдарының бірі» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына (тренерлеріне) арналған семинар-практикумына «Техникалық» пәндер бірлестігінің арнайы пән оқытушысы Таңқыбаева Ботакөз қатысып, басқарама төрағасының 2016 жылғы 6.06.2016 жылғы №29-П және 19.10.2016 жылғы №77-П бұйрықтары негізінде «Кәсіпқор холдингі КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері мәртебесін алды және И.Әбдкәрімов атындағы аграрлы-техникалық колледжі базасында 07.11-18.11.2016 жылы тренер ретінде біліктілік арттыру курсына қатысты.

Колледж оқытушылары үшін қаңтар айында 36 сағаттық «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында кредиттік оқыту технологиясын енгізу жолдары» атты біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылды. Курсты осы курс бойынша Астана қаласында біліктілігін артырып, штаттан тыс тренер мәртебесін алған колледж оқытушысы Таңқыбаева Ботакөз Рахманқызы өткізді.

2016 жылы колледж директоры Исаев М.М., және Рүстемов И.А., Хибашева А.Б., Сарсенбаев Б.А. бірлескен авторлығымен «Құрылыс материалдарының сапасын бақылау» оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

2016-2017 оқу жылының І жартыжылдығында 3 пән бірлестігі бойынша 3 апталық өткізілді.
19.09.2016-24.09.2016 жылы «Гуманитарлық» пәндер бірлестігінің «Үш тілділік – заман талабы», «Техникалық» пәндер бірлестігінің «Мамандарды кәсіби даярлау – болашаққа бастар жол» атты апталығы 17.10.2016-22.10.2016 жылы, «Жаратылыстану» пәндер бірлестігінің «Дарындылықты дамыту – ұстаз парызы» тақырыбындағы апталығы 21.11.2016-26.11.2016 жылы өткізілді.

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі ұйымдастырған “Мамандыққа дағды алу” сайысына «Техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушылары Тоқаев Б. Мен Полуванов Б. жетекшілігімен Э-13-9 оқу тобы оқушылары Есен Рустам мен Шәріпбек Саулет қатысып, Алғыс хаттармен марапатталды.
Қызылорда Ұлағат колледжінде ұйымдастырылған «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге» атты облыстық ғылыми-теориялық конференцияға Қабылбаева Раушанның жетекшілігімен Қ-15-9 оқу тобының оқушысы Бекмаш Қайсар қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

Қызылорда жоғары медицина колледжі базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары арасында өткізілген «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы конференцияға Таңқыбаева Ботакөздің жетекшілігімен С-14-9 оқу тобының оқушысы Құрманбекқызы Аружан Бас жүлдені, Жалғасова Орынкүлдің жетекшілігімен С-16-11 оқу тобының оқушысы Сақтапберген Айдана Алғыс хатпен марапатталды.

25.11.2016 жылы “Жасөпірімдердің жеткіншек жастағы тұлғааралық қарым-қатынасы” атты облыстық семинарды колледж психологы Шакиева Жанат пен Қызылорда инженерлі техникалық колледжінің психологы бірігіп өткізді. Колледж психологы Шакиева Жанат Қызылорда инженерлі техникалық колледжінің Алғыс хатымен және Қызылорда облысының басқармасының Сертификатын иеленді.

«Жаратылыстану» пәндер бірлестігінің оқытушысы Алтынбеков Жаңабектің жетекшілігімен Қайсар спорт клубы ҚБ-мен жалпы білім беретін мектеп жастары мен жасөспірімдерді және қала тұрғындарынан құралған аула клубы командалары арасында өткен стритбол жарысында «Жас өркен» командалары жүлделі І орынды және ІІ орынды иеленді және Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубогымен, Мақтау қағазымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 17 қараша Халықаралық Студенттер күніне орай жоғары, кәсіптік-техникалық оқу орындары арасында өткізілген «Студенттік фестиваль -2016» байқауында арқан тарту сайысынан «Жас өркен» колледжінің командасы ІІ орын, Дипломмен марапатталды (жетекші – Айбусынова Ф.). ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар арасында өткізілген «КРОССФИТ» сайысында «Жас өркен» командасы Алғыс хатпен марапатталды.

2017 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметкерлері (қыздар) арасында білім беру саласының үздігі, қоғам қайраткері М.Ж.Махановты еске алуға арналып өткізілген дәстүрлі облыстық волейбол турнирінде үздік ойын көрсеткені үшін «Жас өркен» колледжінің қыздар командасы жүлделі І орынды үшінші жыл қатарынан иеленіп, ауыспалы кубокты өзімізде қалдырды.

13.12.2016 жылы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агралы-техникалық колледжінің базасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген “Ұлт тағдыры:Ұлы тұлғалар” атты тарихи-танымдық сайысқа “Жас өркен” командасы қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Мүслімов Сейтжан.
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі базасында өткізілген колледж және мектеп оқушыларының арасында өткізілген “Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде” атты облыстық конференцияға С-15-9 оқу тобының оқушысы Әбілқасымова Құралай қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

Жетекшісі: Таңқыбаева Ботакөз.
19 желтоқсан 2016 жылы Педагогикадан (КИО) қашықтықтан республикалық интернет олимпиадаға Таңқыбаева Б.Р., Жалғасова О.А., Балабекова А.Б., Шакиева Ж.А. қатысып, сертификаттарын иеленді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тәуелсіздік құрдастары, колледжіміздің оқытушылары – Айбусынова Фариза Әзбергенқызы мен Қабылбаева Раушан Сәбитқызы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының Құттықтауы мен сыйлығын иеленді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «НұрОтан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаевтың Алғыс хатымен колледж директоры М.М.Исаев марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен Таңқыбаева Б.Р., Сарсенбаев Б.А. ал Алғыс хатпен Асқарова Г.С., Оңайбеков Б.К., Муслимов С.Д. марапатталды.

Шакиева Жанат Әмірбекқызы 24.12.2016 жылы «Болашақ» медицина колледжі базасында өткізілген «Жасөспірімдерге өмір құндылығын түсіндіруде психологтың атқаратын жұмыс ерекшеліктері» тақырыбындағы педагог-психолог мамандарға арналған облыстық семинарға қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

20.01-23.01.2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Педагогтің кәсіби стандартының жобасымен танысу жұмыстары жүргізіліп, жоба аясындағы сауалнамаға оқу орнынан 3 оқытушы қатысты.

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ұлы дала Елі – Тәуелсіздік мұраты» ғылыми-теориялық конференцияда С-16-11 оқу тобының оқушысы Сахитжан Гүлжазира жүлделі ІІІ орынды иеленді, Жетекшісі – Омарова Сәуле Орынбасарқызы
«Экспо-2017: Ел дамуының жасыл жолы» тақырыбы аясында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім алушылары арасында «Үздік электрик» атты олимпиадаға Э-15-9 оқу тобының білім алушысы Нариман Сәбит қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі - Полуванов Бауыржан








Колледж "Жас оркен"2002 жылы құрылған.
Қызылорда «Жас өркен» колледжі білім беру мекемесі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде, колледж құрылтайшыларының жалпы жиналысы қаулысымен шектеусіз мерзімге құрылған.

Қызылорда «Жас өркен» колледжінің кәсіптік орта білім беру қызметін жүргізу құқығын растайтын құжаттары:
- Тұрақты мемлекеттік лицензиясы серия АБ № 0049629 11 шілде 2007 жылы ;

Колледж "Жас оркен"- Қызылорда «Жас өркен» колледжі мекемесінің Жарғысы (1-қараша 2002 жыл) (өзгертулермен толықтырулар 15.06.2010);
- Қызылорда Республикасының статистика жөніндегі агенттігі берген статистикалық карточкасы (тіркелген күні 2002.11.01 № 5165-1933У-Е );
- Қызылорда облысы бойынша Салық комитеті берген Қызылорда «Жас өркен» колледжінің салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелгенін және тұрғылықты орны бойынша салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгенін растайтын салық төлеушінің куәлігі (СТН 330100230381,1.06.2006ж) бар.



Колледж "Жас оркен"Колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты Исаев Мирамбек Мырхиевич
«ПОЧЕТНЫЙ РАБОТНИК ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» атты төс белгісімен, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ құрмет грамотасымен, облыс әкімінің , қала әкімінің ,
Қызылорда облысының білім Басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.



Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"









Колледжде оқыту нысаны күндізгі және сырттай бөлімдерде өтеді.
Миссиясы: қазіргі заманғы отандық және халықаралық талаптарға сай бәсекеге қабілетті, иинновациялық тұрғыдан жан-жақты ойлайтын және патриотизмге тәрбиеленген, сондай-ақ Қызылорда аймағының барынша экономикалық өсуі мен гүлденуін қамтамасыз ететін зиялы ғылыми-интеллектуалды және ақпараттық-мәдени ортаның құрылуына үлес қосатын мамандарды даярлау.

Колледждің имидждік бағасы:
Мемлекет болашағы көбіне оның білім жүйесімен анықталады. Білімділік, құзыреттілік, және кәсібилік қоғамның дамуындағы негізгі фактор болып табылады.
Коллелдждің имидждік бағасын көтеруде алдымызға қойған міндеттерді орындай отырып, колледждің Стратегиялық жоспары, оперативтік жоспары, іс-шара жоспары жасалды, материалды – техникалық базаларды толықтыру бойынша негізгі жұмыстары атқарылды.


Стратегиялық бағыт:
- сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, балалар мен жастардың дамуына жағдай жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту; стратегиялық мақсат: техникалық және кәсіптік білімнің әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілген тиімді жүйесінің қызмет етуі, 2020 жылға, бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы саясатты іске асыру.

Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"









Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"Колледж "Жас оркен"






Оқу орны жаңа заманға сай 16 мамандық бойынша мамандар даярлайды:

1 0514000 «Бағалау » (салалар бойынша ) Бағалаушы-сарапшы 2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
2 0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша ) Есепші-ревизияшы 2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
3 0515000 «Менеджмент» (салалар бойынша) Менеджер 2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай
4 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» Модельер-конструктор 3 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай
5 1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)» Техник-бағдарламашы 2 жыл 10 ай 1 жыл 10 ай -
6 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару(әр сала бойынша)» Техник 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 8 ай
7 0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика Суретші-модельер 3 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай
8 0107000 Технология Технология пәнінен негізгі және орта білім беру мұғалімі 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
9 0101000 Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
10 1412000 Құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі Техник –технолог 3 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай
11 1405000 Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану Газ объектісіндегі құрылғыларын пайдалану технигі 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
12 1401000 Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану Техник-құрылысшы 3 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай
13 1517000 Төтенше жағдайларда қорғау (бейін бойынша) Техник 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
14 0902000 Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша) Техник-электрик 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
15 1403000 Ішкі санитарлық-техникалық қондырғыларын желдету және инженерлік жүйелерін жинақтау және пайдалану Техник-сантехник 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
16 1404000 Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары Су құбыры кәрізі шаруашылығында желілер мен құрылыстарды пайдалану технигі 3 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай 2 жыл 6 ай


Колледж "Жас оркен"Қазіргі таңда колледжде 515 студент білім алуда, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен күндізгі оқу нысанында
412000 –«Құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша – 50 студент,
1405000 – «Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша -50 студент,
1404000- «Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары» мамандығы бойынша -50 студент,
0902000- «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша -45 студент, 1517000- «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша -25 студент, сырттай оқу нысанында
1404000- «Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары» мамандығы бойынша -25 студент дәріс алады.


Дуалды оқыту жүйесі
Колледж дуалды оқыту бойынша эксперименттік режимде 1405000- «Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша енгізілді. Дуалды оқыту бойынша оқу жұмыс жоспары келісім-шартқа отырған әлеуметтік серіктес мекемелер мамандарының қатысуымен өткізілген семинарларда талқыланып, талапқа сай жасалынып бекітілді.


Жас мамандардың өндірістік практикадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында колледж көптеген мекемелермен серіктестік байланыс орнатқан.
Тоқтала кететін болсақ, ЖШС«НурГазСервис», ЖШС«NTB Capital», ЖШС«БАКНУРЛЫГАЗ», ЖШС «ЮГ НЕДРА СЕРВИС», ЖШС «ҚызылордаВодГазПроект», ЖШС «ГидроТехСтрой», ЖШС «ЭКО-SERVICE», ЖК «Тоқай», ЖШС «Айдана», ЖШС «ЭЛЕКТРО ПРОЕКТ СЕРВИС», ЖШС «Айдана », ГКП «Кызылорда су жүйесі», ЖК «Еримбет А», «Су құбыры»мемлекеттік коммунальдық мекемесі, «Нұр-Дос Ойл»ЖШС, «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы,азаматтық қорғаныс,авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы», «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, ҚР ТЖМ Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндәру және авариялық жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемесі колледж оқушыларын тәжірибеден өтуге ықпал етіп отырған колледждің әлеуметтік серіктестері болып табылады.



Колледж "Жас оркен"«Жас өркен» колледжінде 37 жоғары білімді оқытушылар, оның ішінде 11 жоғары, 11 бірінші, 5 екінші санатты, 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 7 магистр қызмет жасайды.

Жоғары білікті оқытушылар оқушыларға бағдарлама материалдарын меңгертуге, қосымша ақпарат алуға ізденіс, зерттеу жұмыстарына белсене қатысуға шығармашылықпен айналысады.


«Вяжущее для растворных и бетонных смесей» атты еңбектің авторларының бірі болып келеді, бетонды пайдалану және күйдірілмеген бетонды шығарудың 40-шы Халықаралық АҚШ Лас-Вегаста өткен бетоншылар конгрессының жұмысының қатысушысы болды. «Қызылорда облысына – 70 жыл» атты төс белгісі, «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалі», «Қызылорда облысының білім беру ісінің үздігі», «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін» марапатталған.


“Дуальная система профессиального образования европейских стран” халықаралық Швейцария, Германия, Франция елдерінде өткен біліктілік көтеру курсына қатысып диплом және сертификат иегері болды. Лондонда өткен пікір алмасу «Efficient Management of Pre-University Education Institutions. The UK Experience» атты сертификаты , «ICT Tranining Program conducted by the Gyeonggi Provincial office of Education» - Кореяда.


«Внедрение дистанционных образовательных технологий в образовательный процесс» атты біліктілік көтеру курсының куәлік иегері.
«Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары» мамандығы бойынша мемлекеттік стандартының авторларының бірі.
«Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары» мамандығы бойынша Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті, берудің ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, типтік оқу бағдарламаларын дайындады.



«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» сарапшының маманданымы туралы куәлік (№1872, 19.06.2015ж) иегері болды.
Басшылық жасап отырған «Жас өркен» колледжі Қызылорда облысының Білім басқармасының 2014 ж. 23 қыркүйектегі №146 бұйрығына сәйкес «Дуальдық оқытуды енгізу Жол картасы» эксперементтің шеңберінде жұмыс жасауда
Колледж жетістігі

Колледждің имидждік бағасын көтеруде алдымызға қойған міндеттерді орындай отырып, колледждің Стратегиялық жоспары, оперативтік жоспары, іс-шара жоспары жасалды, материалды – техникалық базаларды толықтыру бойынша негізгі жұмыстары атқарылды.

Оқу кабинеттері жақсы жабдықталған, жоғары білікті оқытушылар оқушыларға бағдарлама материалдарын меңгертуге, қосымша ақпарат алуға ізденіс, зерттеу жұмыстарына белсене қатысып, шығармашылықпен айналысады.
Атап айтсақ, құрамында колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты М.Исаев, директор орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты З.Қасаева, техника ғылымдарының кандидаты, техникалық пәндер бірлестігі оқытушысы Ә.Сағаев, магистр, техникалық пәндер бірлестігі оқытушысы Г.Сұлтанова


1404000-«Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары» мамандығы бойынша мемлекеттік стандарт жазды, техника ғылымдарының кандидаты, техникалық пәндер бірлестігі оқытушысы Ә.Сағаев, магистр, техникалық пәндер бірлестігі оқытушысы Г.Сұлтанова 1404000-«Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары» мамандығы бойынша Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, тесттік тапсырмаларды орындады. Техникалық пәндер бірлестігі оқытушысы Шалқарбаев А.


Колледж "Жас оркен"
1405000-«Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану» Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, тесттік тапсырмаларды дайынды.
Техника ғылымдарының кандидаты М.Исаев, педагогика ғылымдарының кандидаты З.Қасаева, магистр, техникалық пәндер бірлестігі оқытушысы Г.Сұлтанова, Д.Тоқтамысова



Колледж "Жас оркен"1404000-«Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары» мамандығы бойынша Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып,типтік оқу бағдарламаларын дайындады.


Колледж директоры Исаев М.“Дуальная система профессиального образования европейских стран” халықаралық Швейцария, Германия, Франция елдерінде өткен біліктілік көтеру курсына қатысып диплом және сертификат иегері болды.


Тоқтамысова Д. «Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі 1 орын алып, республикалық байқауда жүлделі 2 орын алды. Колледж оқытушылары қалалық «XXI ғасыр-техника ғасыры» атты ғылыми жобалар байқауына қатысып Ешпанов Ә.-I орын, Султанова Г. - 2 орын дипломдарының иегерлері болды. Gylym-bilim.kz интернет ресурсымен экономика, физика, педагогика және психология пәндері бойынша қашықтықтан өткізілген олимпиадасына қатысып Асқарова Г., Бұхарбаева Н., Алдан А. жүлделі орындарға ие болып дипломдармен марапатталды.


Тоқтамысова Д. «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» V облыстық форумында ТжКББ «Үздік педагог» аталды.
«Мұнай – газ саласының жас және болашақ мамандарын дайындаудағы жаңа жетістіктер» колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып Шалқарбаев А диплом иегері атанды.


Ustazbol.kz порталының құрмет тақтасының мадақтамасына Бұхарбаева Н.,Алдан А., Аскарова Г. ілінді.
«Тұлғаның өмірлік мәнді құндылықтары: бүгініміз және ертеңгі болашағымыз» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Сейдалиева А. (Г-13-9) III орын дипломына ие болды жетекшісі Жолдыбаева Ж.. «А.Жұмаділдаев» атындағы Қызылорда жастарына арналған «Үздік жас математик» жастар сыйлығына С-14-9 оқу тобының оқушысы А.Ниязбаев (жетекшісі Д.Құттымұрат) қатысып қалалық әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды.


2015 жылы «Білім беру жүйесіндегі оқытушылар шығармашылығын дамытудың ғылыми-педагогикалық» тақырыбында Астана қаласындағы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты ІІ Республикалық оқытушылар сайысында Касаева З., Алдан А.,


Колледж "Жас оркен"Жолдыбаева Ж., Қартаңбаева Г. жүлделі орынға ие болып дипломдармен марапатталды
Колледж оқытушылары (Тоқтамысова Д.,Сейдахметова Г.,Мусаева С.,Айбусынова Ф. Имбетова Н.,Омарова С.)
8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай облыстық волейболдан турнирінде 1 орын дипломымен марапатталып ауыспалы кубокқа ие болды.Осы кубокты 2016 жылдың наурыз айында ойын барысында тағы да ұтып, бас жүлдені алып, кубокты өзімізде қалдырдық.
Тоқтамысова Д. «1 000 000 теңге» сертификатының иегері болып атанды.


«Жас оркен» колледжі «Лидер сферы образования 2014» атты халықаралық сертификатқа ие болып, колледж директоры «Лучший руководитель года 2014», колледж есепшісі «Специалист года 2014 в сфере «Бухгалтерский учет и аудит», колледж оқытушылары Касаева З., Тоқтамысова Д. «Специалист года 2014» атты сертификаттарға және колледж директорының орынбасары Касаева З. «Гордость экономики» атты орденге ие болды.
Бұхарбаева Н., Жалғасова О., Таңқыбаева Б. “Қазақстан Ұстазы” республикалық жобасының аккредитациялық кеңесімен мақұлданып, www.kzu.kz электрондық энциклопедиясына еңгізілді.


Колледж оқытушылары Алдан А.,Қартаңбаева Г.,Султанова Г.,Махамбетова М. “Білім берудің инновациялық даму жолдары: кәсіби мамандар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер” атты облыстық педагогикалық оқуына қатысып сертификаттарға ие болып жинаққа енді.
Шалқарбаев А. «Тәрбие – білім бастауы» және «Қазақстанның мұнай – газ саласындағы ұйымдық өзгерістер негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету және оның қалыптасу тетіктері» тақырыбындағы мақалаларымен Ізденіс.kz ақпараттық ғылыми – танымдық журналына жинаққа еңді және сертификатқа ие болды.


Торғаев Ө.- «Сағадат Нұрмағанбетов» медалімен марапатталды.
2016 жылы колледж директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты З.Касаева Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталды ҚР төтенше жағдайлар министрлігі №05-01/12567 06.06.2014 жылғы вице-министр Ж.Смаиловтың қолы қойылған хатымен ҚР төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы төтенше жағдайлар Департаментінің ҚР Заңдары шеңберінде «Жас өркен»колледжі

Колледж "Жас оркен"1517000-«Төтенше жағдайларда қорғау (бейін бойынша)» мамандығы оқушыларымен бірлесе жұмыс жасауға келісім берді. «Жас өркен»колледжі

1517000-«Төтенше жағдайларда қорғау (бейін бойынша)» мамандығы оқушылары 25-30 мамыр 2014ж. «Қазқұтқару -2014» 19-халықаралық жиын-семинарына қатысты.


Колледж "Жас оркен"

1517000-«Төтенше жағдайларда қорғау (бейін бойынша)» мамандығы оқушылары Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасы мен Шиелі аудан аумақтық қорғаныс батальонының командалық құрамының бірлесіп өткізілген
«Уран-2012» арнайы тактикалық оқу-жаттығуға қатысты.





«Жас өркен» колледжі 2015-2016 оқу жылында «Кәсіптік білім және әріптестер сұхбаты» облыстық форумы аясында өткізілген «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны - 2015» байқауында ІІІ орын иеленді.
Осы форум аясында колледждің жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Д.Тоқтамысова мен арнаулы пән оқытушысы Б.Тоқаев Қызылорда облысының білім басқармасы мен Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ кабинетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.


Қызылорда облыстық оқу орталығының «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналына (№2/3 (12/13)2015 жыл) VI облыстық форумының материалдары жинағына М.Исаев «Дуалды оқыту қадамдары», А.Алдан, З.Касаева “Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту”, Н.Байсалбаева “Кәсіби білім беру ұйымдарында жеке тұлғаның дамуының басым құндылықтары”, Д.Тоқтамысова “Дуальное обучение на опыте зарубежных стран», О.Жалғасова “Дуальды оқытудың тиімділігі – бәсекеге қабілетті дайын маман” тақырыбындағы баяндамалары енді.

«Педагогикалық кәсіби шеберлік – ізденісті көп қажет етеді» республикалық жинағына колледж директоры М.М.Исаев, колледж директорының орынбасары З.Касаева, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Сейдахметова, жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Д.К.Тоқтамысова, жоғары санатты арнайы пән оқытушысы А.Алданның кәсіби жетістіктері жайлы мәліметтер жарияланды.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “EXPO LAND-2015” инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде (30.09.2015) арнайы пән оқытушысы Таңқыбаева Ботакөз Рахманқызының жетекшілігімен Майгелдиева Аружанның «Картоп дақылын тамшылатып суғару» тақырыбындағы жобасы үздік жоба атанды.


Колледж "Жас оркен"Ұстаздар күніне орай колледж директоры,
техника ғылымдарының кандидаты Исаев Мирамбек Мырхыұлы,
колледж